Еуропадағы исламофобияның жаңа толқыны (1)

Kazakh Radio 3 views
Коронавирустың таралуымен тұспа-тұс Еуропада исламофобияның жаңа толқыны басталды. Францияның Charlie Hebdo басылымы Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды қайта басып шығарды. Парижде басылып шығатын әзіл-сықақ журналы Charlie Hebdo 2015 жылы журнал кеңсесіндегі атыс оқиғасына қатысы бар деп айыпталған 13 адамның сотына бір күн қалғанда қасиетті Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатураларды қайта жариялады. Бұл аптаның редакциялық мақаласының жазушысы Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізетін суреттер жарияланған кезде: «Бұл суреттер тарихқа байланысты және тарихты қайта жазуға немесе өшіруге болмайды»,- деп жазды. Алла елшісіне тіл тигізетін суреттер Швецияда Құран кітабі өртелгеннен бір аптадан кейін жарияланды. Швецияның Мальме қаласында кейбір экстремистік оңшылдар мұсылмандардың қасиеттіліктеріне тіл тигізу мақсатпен қасиетті Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл әрекет реакциялармен бетпе-бет келді.

https://parstoday.com/kz/radio/uncategorised-i48277

Add Comments