Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісіндегі Құранның көрінісі 1

Kazakh Radio 8 views
Кербала оқиғасы мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның ерлігі Әмавилердің зұлымдығы мен үгіт-насихаттық шаң-тозаңның арасында жасырылған шындықты әшкереледі. Имам кез келген мұрсатын илаһи аяттарды оқып, адамдардың рухын тазартып, оларды дұрыс жолға нұсқауға талпыныс жасады. Сондай-ақ, қайда тұрғаны, не үшін көтерілгені және қарсы шепте тұрған адамдар туралы ескертті. Құран Кәрім мен Исламның ұлық пайғамбарының әулеті шындықтың екі көрінісі. Олардың әр біреуі Алланың рақымы мен махаббаты және дұрыс жолға нұсқаудын көрінісі. Егер Құран мен Исламның ұлық пайғамбарының екеуінің бірін таңдасақ, екіншісіне жол табамыз. Құранның тереңдігі туралы ойланып, пайғамбар әулетінің ойлары мен ғамалдарын талқылау арқылы Құран аяттарының мағынасын түсінеміз. Жаратылыс жүйесінде жаратылған әлем пәк имамсыз күш-қуатқа жетпейді. Құран аяттары имамсыз іске асырылмайды. Әйгілі «Сақалаин» хадисі Алла елшісінің өмірінің соңғы сәтінде: «Мен кетіп барамын. Бірақ, араларыңда екі құнды нәрсені қалдырамын: оның бірі Алла

https://parstoday.com/kz/radio/sp--ashoura

Add Comments