Сәрсенбі күні Иранда Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының төтенше отырысы өтеді

Kazakh Radio 4 views
Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының хатшылығы БАӘ мен Бахрейннің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыптандыруға реакциясында сәрсенбі күні төтенше отырыс өтетінін хабарлады. Велаяти баспасөз конференциясында аталмыш ассамблеяның он үшінші отырысын өткізу мақсаттарын түсіндіре келіп: «Ислам әлемі БАӘ мен Бахрейн басшыларының сионистік режимді ресми түрде тануына қарсы. Бұл режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды қате де зиянды шара деп санайды. Сондықтан Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясы осы салада шара қолдануға міндетті»,-деді. Велаяти: «Исламдық ояну жоғары кеңесінің төтенше отырысы сәрсенбі күні Теһранда бейнеконференция форматында 50 ислам елі өкілдерінің қатысуымен өтеді»,-деді.

https://parstoday.com/kz/news/iran-i48264

Add Comments