Ирандық фильм Венеция кинофестивалінің «Сиқырлы шамшырақ» жүлдесін жеңіп алды

Kazakh Radio 7 views
Ирандық режиссер Маджид Маджиди түсірген «Хуршид» (Күн) атты көркем фильм Венеция кинофестивалінің «Сиқырлы шамшырақ» жүлдесін жеңіп алды. «Хуршид» фильмінде еңбек балалары туралы сөз болады. Олар қазына іздеп әлек, бірақ шын қазына өздері екендерін білмейді. Венецияның 77-ші кинофестивалі 2 қыркүйекте басталып, кеше аяқталды. Маджиди – «Оскар» жүлдесіне үміткер атанған алғашқы ирандық режиссер. «Аспан балалары» фильмі 1998 жылы «Оскар» жүлдесіне лайықты шет тіліндегі ең үздік 5 фильмнің қатарына іліккен болатын.

https://parstoday.com/kz/news/world-i48255

Add Comments