Эр-Риядқа зымырандық шабуыл – Йеменнің Сауд Арабиясының басқыншылығына жауабы

Kazakh Radio 3 views
Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі: «Йемен армиясының зымырандық және ұшқышсыз ұшақтар бөлімшесі мен халықтық комитеттердің күштері бірлескен амалда Сауд Арабиясының астанасын нысанаға алды»,-дейді. Al-Masirah телеарнасының Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, Йемен армиясының зымырандық және ұшқышсыз ұшақтар бөлімшесі мен халықтық комитеттердің күштері бірлескен амалда Сауд Арабиясының астанасы эр-Риядқа шабуыл жасады. Бұл шабуылда «Зольфағар» баллистикалық зымыраны мен 4 «Самад-3» ұшқышсыз ұшағы қолданылды.

https://parstoday.com/kz/news/middle_east-i48224

Add Comments