Қазақстанның танымал әншісі өзбек әнін шырқады

Kazakh Radio 12 views
Өзбекстанның әйгілі әншісі Джон Руми Қазақстан халқына арнап «Атамекен» әнін орындағаннан кейін қазақтың танымал әншісі Әлішер Кәрімов өзбек әріптесінің осы бастамасына жауап ретінде өзбек тілінде «Өзбекстан» әнін орындады. Әлішер Кәрімов осы мәдени қозғалысқа қосылып: «Қазіргі тынышсыз заманда біз бар күшімізді мәдени және тарихи қарым-қатынасты нығайтып, тереңдетуге жұмсауымыз керек. Қазақстан мен Өзбекстан дос елдер ретінде жылдар бойы тату тіршілік етіп келеді. Екі елдің достығы және бауырластығы тереңнен басталады. Джон Румидің әні Қазақстанда ыстық ықыласпен қабылданды. Сондықтан өзбек халқына «Өзбекстан» әнін арнауды жөн көрдім»,-деді. «Өзбекстан» әні бұл елде өте танымал. Қазақ әншісі оны ерекше шеберлікпен орындап, өзбек халқының қолдауына ие болды.

Add Comments