Жетінші зилхадже имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) шәһид болған күні. Әлемнің барша мұсылмандарына имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз.

Kazakh Radio 9 views
Жетінші зилхадже имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) шәһид болған күні. Әлемнің барша мұсылмандарына имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) әкесі имам Саджад (ғ.с.) шәһид болған соң 35 жасында имамат міндетін өз мойнына алып, 20 жыл мұсылмандардың имамы мен басшысы болды. Имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) имаматы кезінде үкімет Умайе әулетінен Аббаси әулетіне ауысқан кезең. Олардың арасындағы саяси қақтығыстар мен қайшылықтар Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жақтастарына қарсы қысымдардың азаюына себеп болды. Имам Бақер (ғ.с.) Умайе әулеті билігінің құлдырауы кезеңнің пайдаланып, Ислам мен оның тағылымдарың таратуды кеңейтті. Имам Бақер (ғ.с.) мәдени революция жасау қажет деп санады. Имам өзінің қарапайым өмірінде білім мен ғылымды таратып, әр мұрсатты халықты ояту үшін пайдаланды. Имам діни оқу орындарын құрып, көптеген әйгілі шәкіртерді тәрбиеледі және Пайғамбар әулетінің жақтастары мен басқа мұсылмандарға тағылым-тәрбиені кеңейтті.

Add Comments