Лут шөлі – әлемнің құнды мұрасы

Kazakh Radio 5 views
Лут шөлі 2016 жылы Иранның алғашқы табиғи мұрасы ретінде UNESCO-ның әлемдік мұра тізіміне тіркелді. Лут шөлінің UNESCO-ның әлемдік мұра тізіміне тіркелгеніне 4 жыл толуына орай Оңтүстік Хорасан облысының орталығы Бирджанд қаласында осы әдемі де тартымды табиғат бейнеленген фотосурет көрмесі өтті. Коронавирустың таралуына байланысты Иран мен әлемнің түкпір‑түкпіріндегі қызығушылар Лут шөлі фотосурет көрмесін Asiaparvaz сайтынан виртуалды түрде тамашалай алады. Лут шөлі 22780 шаршы шақырым ауданды алып жатыр. Бұл аудан Риг-е Ялан құмды төбелері, жықпыл тастар, тұзды өзен мен Хамада тастақты даласын қамтиды.

Add Comments