Қазақстанда қайтадан карантин енгізілді

Kazakh Radio 9 views
Қазақстан коронавирустың таралуына байланысты жексенбіден бастап екі апталық карантин енгізді. France 24 телеарнасының хабарлауынша, COVID-19 вирусын жұқтырған адамдардың санының көбеюіне байланысты, эпидемияның алдын алу үшін кемінде екі аптаға карантин енгізілді. Сауда орталықтар, фитнес-орталықтар, жағажай, шаштараз, сұлулық салондары кемінде 15 күнге жұмысын тоқтатты. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирусқа шалдыққандар санының 48574 адамға жетіп, олардың ішінде 15860 жазылғанын хабарлады. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан 18 адамның өлгені тіркеліп, жалпы қайтыс болғандардың саны 232 адамға жетті.

Add Comments