Нәсілшілдікке наразылар Колорадо күре жолын жапты

Kazakh Radio 8 views
АҚШ-тың түрлі қалаларында қалыптасқан нәсілшілдікке қарсы наразылықтардың жалғасында Колорадо штатындағы наразылар шеруге шығып, күре жолды жауып, 23 жастағы қара нәсілдінің өліміне қатысты істің әділ шешілуін талап етті. CNN телеарнасының хабарлауынша, Колорадо штатындағы Арвера қаласының тұрғыны 23 жастағы қара нәсілді Элайджа Макколиннің өліміне қарсы шеру сенбі күннен бері жалғасып жатыр. Осы мәлімет бойынша, наразылар бейбіт шеруде Колорадо штатының №224 күре жолын жауып, Макколин өліміне қатысты істің әділ шешілуін талап етіп, ұрандатты.

Add Comments