Тәжікстан мен Қазақстан өзара ынтымақтастығын дамытады

Kazakh Radio 9 views
Тәжікстан мен Қазақстанның лауазымды тұлғаларының Душанбедегі кездесуінде екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, кеше Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Зохир Саидзодо мен Душанбедегі Қазақстан елшісі Асқар Тәжібаев екіжақты қатынастарды түрлі салаларда нығайтуға қолдау білдіретіндерін мәлімдеді. Кездесу барысында Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтары талқыланды.

Add Comments