Ахмад бен Мұса – илаһи тұлғалардың бірі

Kazakh Radio 26 views
Шираз қаласындағы «Шаһчерағ» деп танымал болған хазірет Ахмад бен Мұсаның қасиетті кесенесі безендіріліп, имам Резаның жақтастары кесенеге қарай ағылады. Исламның ұлық пайғамбары әулетінен шыққан имамдар мен олардың перзенттерінің қасиетті кесенелері – зиярат пен ғибадат жасайтын рухани жерлер. Бұл қасиетті мекендер зиярат, намаз, дұға, Жаратушымен сырласу үшін өте маңызды және адамдарды Аллаға жақындатады. «Сейед әл-Садат»және «Шаһчерағ» деп танымал болған хазірет Ахмад бен Мұсаның қасиетті кесенесі – сондай жерлердің бірі. Хазірет Ахмад бен Мұса – имам Мұса Каземнің (ғ.с.) перзенті, имам Резаның (ғ.с.) бауыры. Бұл күндері велаяттың жақтастары кесенеге жиналып, бұл жерде ерекше көңіл күй орнады. Бірақ биыл Ахмад бен Мұсаның қасиетті кесенесі басқа қасиетті кесенелер сынды коронавирустың таралуының бақылауға алу үшін екі айдан астам уақыт бойы зияратшылар үшін жабық болды. Осыдан бірнеше күннен бері кесененің есіктері Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің ғашықтары үшін ашылып, халық әлеумет

Add Comments