Иран: Ала таулар

Kazakh Radio 19 views
Бұл бағдарламада Ирандағы Ала тауларға аттанамыз.

"Ала таулар" немесе түрлі түсті таулар Иранның Шығыс Әзірбайжан облысының орталығы Табриз қаласының солтүстік-шығысынан 25 шақырым жерде Ахар-Хадже аудандарының жолында орналасқан.

Бұл таулар түрлі түсті болғаны үшін, әсіресе қошқыл қызыл мен сары түстен тұратындықтан күн нұры түскен кезде ерекше тартымдылыққа ие. Таулардың айналасында ауылдардың орналасуы оның әсемдігін  арттырып отыр. Ауылдардың үйлері де осы таулардың топырағы сияқты түрлі түсті. Алуан түрлі таулар "Миане" ауданына жақын жерден басталып, Ахардан Табризге барар жолға дейін жалғасып жатыр.  

 

Қосымша суреттерді ParsToday сайтының қазақ бөлімінен көре аласыздар.

https://parstoday.com/kz/radio/programs-i40093

Related

Add Comments